«Нұр
Отан» партиясының сайлауалды штабы мүшелері үгіт-насихат жұмыстарымен Павлодар
облысына барды. «Нұр Отанды» қолдаушылар форумына мыңдаған партия белсенділері
жиналды. Кеншілер, құрылысшылар, ұстаздар мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен жастар
да бар.
Бұл өңір - нұротандықтардың сайлауалды бағдарламасы айқын көрінетін
облыс. Павлодар мен Шығыс Қазақстан арасын қысқартып, орталық пен шығысты
«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» дәлізімен жалғайтын мемлекеттік жоба осы аймақ
арқылы өтеді. Ал Ертістің үстінен салынған жаңа көпір Орта Азиядағы ең ұзын
көпір деп танылды. Президенттік бағдарлама шеңберінде жаңа жолдар төселіп қана
қоймай, әлеуметтік инфрақұрылым жаңғыртылуда.
Асқар
Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы республикалық сайлауалды штабының жетекшісі:
«Нұрлы
жол» тек қана жол құрылысы емес, жолмен бірге тұрғын үй салу,
индустриалды-энергетика және коммуналдық инфрақұрылымдар құрылысы. Елбасы
тапсырмасына сәйкес биыл қосымша 1,5 млн ш. м. тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Құралай
Мұқышева, көпсалалы лицей директорының
орынбасары:
Біздің
партиямыз қазақстандықтардың
бай-бақуатты тұруына ерекше атсалысады. Мен өзім ұстаз ретінде осы бір
әлеуметтік мәселелердің сайлау бағдарламасында ерекше орын алғанына ризамын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ