Жалпыұлттық
социал-демократиялық партиясы Астана филиалының өкілдері ертеңнен бастап
Елордаға іргелес өңірлерге барып, сайлаушылармен кездеспек. Мұнан кейін Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және
Ақмола облыстарына бару жоспарланған.
Бүгін Астанадағы филиалда
жиналған партия мүшелері алдағы сапарды тағы бір пысықтап алды. Ал саяси
ұйымның Алматы қаласындағы филиалы флешмоб ұйымдастырған. 10-ға тарта жас партияның нышаны бар киім киіп, қолдарына жалаушалар алып шықты.
Нұрлан Жабаев, ЖСДП Астана
филиалы аппаратының жетекшісі:
Сайлаушылармен кездесуге төраға
жүзден астам адамды шақырмақ. Қоғамның өзге де өкілдері кандидаттармен
кездесуге келеді. Атқарылған шаралар туралы мәліметтер сайтта жариялануы
үшін, Орталық аппаратқа жіберіледі. Сондай-ақ Астанадағы филиалға да жөнелтіледі. Осы жерде оны әлеуметтік желілерде
жариялаймыз.
Тазабек Самбетбай, ЖСДП Алматы
қалалық филиалының төрағасы:
Қазақстан Республикасы бойынша
толық, облыстарының аудан орталықтарында өзіміздің үгіт-насихат мақсатында
құрылған штаттарымыздың жұмыстарын бастадық. Бүгінде ЖСДП партиясы сайлауға
толыққанды жан-жақты барлық процестерге қатысады. Біздің ЖСДП партиясының
Жастар қанаты бүгінде, міне, кең ауқымды флешмоб ұйымдастырып отыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА