Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстандағы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру 18-мамырға дейін аяқталуы керек.

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2018
  • 2200

Биыл су тасқынында Аягөзде 189 үй суға бірнеше сағатта кеткен етін, оның 8-і түгел қирап, 32-сі қалпына келтіруге келмейтіндей бүлінген. Біздің меншікті тілшіміздің хабарлауынша, 25 отбасы үйлі болыпты. Ал Глубокое ауданында 184 үйді су басқан. Арнайы комиссия 10 үйді «тұруға жарамсыз» деген. Шенеуніктер «қалай Астанадан ақша түседі, солай сатып аламыз, үйлерді таңдап қойдық», деп отыр. Ал Зырян ауданындағы су тасқынының зардабы тиген 414 үйдің 58-н қалпына келтіру мүмкін емес. Ауданға 150 млн теңге көлемінде бірінші транш бөлініпті. 23 құрылыс компаниясы іске кіріседі, 18-мамырға дейін жөндеп бітірулері керек.Берген уәделердің, уәде емес-ау, міндеттерінің орындалып-орындалмайтыны қазіргі уақытта бірден жария болады. Бірақ. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы Гагарин ауылы тұрғындарының көбі, салып берген үйлердің төбелерінен су ағып, қабырғалары көгеріп, шіри бастағанын айтқан-ды. Пештерінің дұрыс түтін тарпайтынын. Солар қайта жөнделді деп ойламаймыз...