Русский Сайттың толық нұсқасы

Жергілікті мәслихат депутаттығына 1 мандат үшін 3 үміткерден келіп отыр

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2016
  • 1148

Алдағы сайлауда, мәслихат депутаты атану үшін, орта есеппен 1 орынға 3 кандидат таласады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлімдеді. Мәслихат депутаттығына бәсеке әсіресе бас қалада қызатын түрі бар.

Еліміз бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 10825 кандидат тіркелді. Олардың 1592-сі - облыстық мәслихатқа, 121-і  Астана қалалық мәслихатына, 130-ы - Алматы қалалық мәслихатына өтуге үмітті. Аудандық мәслихаттар депутаттығы мандатына 6862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға - 2120 адам үміткер. Тіркелген кандидаттардың 3407-і саяси партиялардан, 17-і қоғамдық бірлестіктерден, 7401 адам өзін өзі ұсынғандар. Ал орташа бәсекелестік 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерден келіп тұр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ