Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы тау көшкіні тоқтады

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2018
  • 3821

Алматы облысындағы тау көшкінінің Көлсай көлі сағасын жауып қалу қаупі жоқ. Бұл туралы «Орталық Азияның төтенше жағдайлар ведомствасы басшылары кездесуінде Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. Оның сөзіне сүйенсек, қазір аққан топырақ өзен сағасына жетпей тоқтаған. Күштік құрылымдар мен құтқарушылар кете қоймаған. Жағдай бақылауда.

Юрий Ильин, ҚР ІІМ вице-министрі:

Көлсай өзені аңғарына жақындаған тау көшкіні тоқтады. Бүгінгі таңда жағдай тұрақталып келеді. Өзен жиегіне дейін әлі шамамен 40-45 метрдей жер бар. Сондықтан өзен суының тасуы мен жақын маңдағы елді мекендерді басып қалу қаупі жоқ. Бақылау, тексеру жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.