Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда морфин препаратын сатып алу бойынша байқау өтпеген

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2018
  • 2175

Павлодарда қатерлі дертке шалдыққандардың ауруын басатын "морфин" препаратын алу бойынша тендер өтпей қалған. Салдарынан жергілікті емдеу мекемелері бұл дәріні өз қаржысына сатып алуға мәжбүр. Дегенмен, денсаулық сақтау басқармасы басшысы ахуалдың тұрақты екендігін айтады. Науқастар қажет ем-домды дер кезінде алып жатыр,-деді бас дәрігер. Ораз Мұқашев бұл жағдайды «СҚ-Фармация» компаниясында болған келеңсіздіктермен түсіндірді. Сот процесі мен басшылықтың ауыс-түйісіне байланысты тиісті байқау жарияланбай қалған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен жабдықтауға қыстағы ауа райының қолайсыздығы да себеп болған.

Ораз Мұқашев, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Біздің емханалар өз ақшасына алып жатыр. Аурулардан, мына онкопатологияның 4-ші сатысында деген патологиядағы, оларға ол дәрі-дәрмектер тегін береді. Оның емханалар өз ақшасына сатып алып, ауруларға беріп жатыр.

Бүгін «СҚ-Фармация» енді емханаларда тегін дәрі-дәрмектің бар-жоғын жариялы ету мақсатында бірыңғай электрондық анықтама әзірлейтіндерін хабарлайды. Жаңа жоба арқылы науқас препараттарға қатысты қажет деректерді онлайн-режимде көре алады. Онда қандай дәріге тапсырыс жасалғаны, жеткізілген препараттардың мөлшері мен келесі жабдықтаудың қашан болатыны көрсетілмек.