Русский Сайттың толық нұсқасы

«100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының 25-ін Ассамблея ұсынған

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2018
  • 2801

Қазақстан халқы ассамблеясы "Рухани жаңғыру" бағдарламасына белсенді үлес қосып жатыр. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай дедіОның айтуынша, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы 102 жеңімпазының 25-ін Ассамблея ұсынған. Сондай-ақ, Алматы облысындағы бөлім жергілікті университетпен бірге «Рухы бекем, киелі мекен - Жетісу» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырды. Нәтижесінде өңірде киелі орындарға 15 бағыт ашылған. "Жетісу" географиялық қоғамы құрылып, туристік бағдарлар бойынша скретч-карта әзірленді. Және 255 навигациялық бағыттама орнатылған.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Өткен жылы Ассамблея қоғамдық сананы жаңғырту жобасы бойынша 20 республикалық, 395 өңірлік іс-шара өткізілді. Қазақстан халқыа ссамблеясы желісі бойынша БАҚ-та 12 мыңнан астам өңірлік және шамамен 8 мың республикалық материал жарық көрді.