Сұйылтылған газды зауыттан тікелей сатып алуға болады. Мұндай өзгеріс келесі жылдан іске асады. Бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасы мақұлданды. Бұл отын түрін негізінен газдандырылмаған өңірлердегі тұрғындар мен кәсіпорындар тұтынады. Сондай-ақ көлік құралдарына пайдаланылады. Энергетика министрлігі белгілеген шекті баға көршілес елдерден әлдеқайда арзан. Сондықтан делдалдар оны сыртқа сатады. Барлық пайда солардың қалтасына кетіп жатыр. Айта кетейік, заңға сәйкес сұйылтылған газдың бекітілген көтерме сауда бағасы тоннасына 38 437 теңгені құрайды.
Бақтықожа Ізмұхамедов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Мұндай
үрдіс сақталса, 2019 жылдың өзінде сұйылтылған газдың тапшылығын күтуге болады.
Заң жобасының мақсаты - сұйылтылған газдың шығару көлемін арттыру,
өндірушілердің қызығушылығын тудыру арқылы сұйылтылған мұнай-газ тапшылығын
болдырмау. Ол үшін шығынмен жұмыс істеп отырған зауыттарға сұйылтылған
мұнай-газды ішкі нарыққа электрондық сауда алаңдары арқылы беруді енгізгеннен
кейін, олардың кірістілігін қамту көзделуде.