Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда суға батқан саяжайлардың саны 1200-ден асты

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2018
  • 2724

Қызылжарда суға батқан саяжайлар саны 1200-ден асты. Бұл жайында төтенше жағдай қызметінің мамандары хабарлап отыр. Олардың дені Есіл өзенінің бойында орналасқан. Зардап шеккен жоқ. Тұрғындар тасқын боларын біліп, жазғы қоныстарын бірер апта бұрын тастап кеткен. Ал саяжайды тұрақты мекен еткен адамдарға қызыл су жеткен жоқ, - дейді сала мамандары. Соңғы бірнеше тәулікте өзен деңгейі 60 сантиметрге көтерілген. Судың артуы күн сайын бәсеңдеп келеді. Құзырлы орган берген мәліметке сүйенсек, тасқын барысында Солтүстік Қазақстан өңіріне 1 млрд текше метр су келген. Қызылжардағы дамба аталған көлемнің 70 пайызын өткізіп жіберді. Құтқарушылар өзен деңгейі аптаның аяғында төмендей бастайды деген болжам жасап отыр.

Асқат Ержанов, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:

Петропавлда тасқын шарықтау шегіне жетті. Соңғы бір тәуліктің ішінде су 3 сантиметрге көтерілген. Алдағы демалыс күндері топан судың күші бәсеңдейді деп болжап отырмыз.