Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадан 800-ден астам азамат әскер қатарына шақырылды

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2018
  • 2872

Биыл Астанадан 800-ден астам азамат әскер қатарына шақырылды. Бүгінде оның 360-ы әскерге жөнелтілген. Бұл туралы Астана қалалық қорғаныс істер департаментінің өкілі айтты. Маманның сөзіне сенсек, жылда әскерге шақыртылатын азматтардың 8 пайызы жарамсыз болып шығады. Бұған  майтабандық пен салмақтың жетіспеушіліктері себеп болған. Ал биылғы іріктеуде отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандар болмаған. Астаналық болашақ сарбаздар Қарулы күштер, шекара қызметі мен Ұлттық Ұланда әскер қатарын толықтыратын болады.