Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан чемпиондар лигасының 1/8 финал ойындары жалғасуда

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2016
  • 2273

Испанияның «Барселона» командасы чемпиондар лигасының ширек финалына бір табан жақындады. 1/8 финалдың алғашқы кездесуінде Лондонның «Арсенал» клубына қонаққа барған Луис Энрикенің шәкірттері 2-0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда командалар есеп аша алмай, үзіліске 0-0 есебімен кетті. Ойынның екінші жартысын ширақ бастаған каталондық ұрымтал сәттің бірінде есеп ашты. Неймардың пасынан кейін, қақпа алдында қараусыз қалған Лионель Месси командасын алға шығарды. Бұл голдан кейін шабыттанған «Барселона» футболшылары араға 12 минут салып есепті еселеді. Алаң иелері жартылай қорғаушысы Матье Фламинидің тәртіп бұзғанын байқаған бас қазы пенальти тағайындады. 11 метрдікті сәтті орындаған Месси есепті қорытындылады. Екі команда арасындағы қарымта ойын 17 наурызда өтеді.

Келесі ойында Италияның «Ювентус» клубы Германияның «Бавария» командасын қабылдады. Кездесу басынан шабуыл шебінде өнер көрсеткен Хосеп Гвардиоланың шәкірттері бірінші болып есеп ашты. Голдың авторы - Томас Мюллер. Үзілістен кейін  шеберлігімен көзге түскен Роббен есепті өзгертті. Қақпаларына екі гол жіберіп алғанына қарамастан, алаң иелері шабуылын тоқтатпады. Кезекті ұмтылыс кезінде мергендігімен танылған Пауло Дибала есепті қысқартты. «Ювентус» сапында екінші голды соққан - Стефано Стураро. Әріптесінің пасынан кейін допқа бірінші жеткен жартылай қорғаушы командаластарының қошеметіне бөленді. Екі команда арасындағы қарымта кездесу Мюнхенде Альянс Арена стадионында өтеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ