Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда мерекелік шара барысында 8 оқушы ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2018
  • 2779

Оралда 8 оқушы аяқ астынан ауруханаға жеткізілді. Отан қорғаушылар күніне орай өткен мерекелік шарада олар өздерін жайсыз сезінген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар қалжырап құлаған көрінеді. Алдымен басы айналғанын айтып шағымданған оқушы іле-шала талып құлаған. Артынша өзгелері де естен танады. Ауруханаға жеткізілген сегіз оқушының алтауы дәрігерлердің қарауынан соң үйіне қайтарылған. Қалған екеуі қазір бақылауда. Денсаулығы сыр берген 9-11 сыныптардың оқушылары екені белгілі болды.

Айнагүл Сакпусунова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: 

Өткен іс-шарада жоғары сыныптың оқушылары қалың матадан тігілген әскери киім киген. Және күннің ыстық болуына байланысты балалардың денсаулығы нашарлап кетуі мүмкін. Ауруханаға жеткізілген балаларға алдын ала қойылған диагноз - «зорығу».