Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтау тұрғындары аулаларында таңғажайып бақша отырғызды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2018
  • 4026

Ақтау тұрғындары аулаларын таңғажайып бақшаға айналдырғанОнда қазір 60-тан астам гүлдің түрлері өсіп тұр. Бақшаға жұмсалатын қаражат та аз емес. Тұқым мен тыңайтқыштарға 350 мың теңгеге дейін ақша кетті дейді белсінділер. Ақтаулық Зоя Грязнованың пәтерінде 100-ге жуық құмырада өсірілген гүлдер бар. 5 жыл бұрын ол көгалды шөп пен балық өсіруге ден қойған. Ал, қазір бақшасында тек қызғалдақтардың 20-ға жуық түрі жайқалып тұр. Раушан гүлі мен өзге де жайнаған өсімдік түрлері жетіп артылады

Зоя Грязнова, Ақтау қаласының тұрғыны:

Біздің бақшамызды көргенде өтіп бара жатқан көліктер тоқтап, жолаушылар таңырқап кетеді. Олар бұндай әдемі қызғалдақтарды көрмегенін айтады. Адамдар тіпті бұл гүлдердің қызғалдақ екеніне сенбейді. Жастар бақшамызда суретке түсуге рұқсат сұрайды. Ал үлкендер қызығады