Русский Сайттың толық нұсқасы

«Сайлау туралы» заңға өзгеріс енгізілсе, мәслихат депутаттары да тек партиялық тізіммен сайланады.

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2018
  • 2883

Парламентке «Сайлау туралы» заңға өзгеріс енгізу жоспарланған заң жобасы келіп түскен. Онда мәслихат депутаттарын тек партиялық тізіммен сайлау қарастырылған. Әділет министрлігінің түсіндірмесінде «пропорционалды жүйе барлық саяси партиялардың толыққанды өкілдігін қамтамасыз етеді, партиялық құрылысты дамытуға, елдегі қоғамдық-саяси өмірде партиялардың рөлін арттыруға, халықтың мүдделерін толығымен ескеруге мүмкіндік береді. Мұнан кейін азаматтар өзін-өзі мәслихат депутаттығына кандидаттыққа ұсына алмайды» деген. «Тек партиялық тізім» деген заң талабы Парламент Мәжілісіне қатысты етін, ол ереже бойынша Мәжіліс депутаттары 2007 жылдан бері сайланып келеді. Егер айтып отырған өзгеріс енгізілсе, мәслихат депутаттары да тек партиялық тізіммен сайланбақ. Қазіргідей (партиялар және қоғамдық бірлестіктермен қатар), жеке азаматтар өздерін ұсына алмайды. Ал Конституцияның 33-бабында «Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға құқығы бар» екені көрсетілген. Алайда «Сайлау туралы» заң түзетілсе, қандай да бір партияға мүше емес және ешқандай да партия қатарында болғысы келмейтін, бірақ мәслихат депутаты болуды ойлайтын азаматтың ол жоспары жүзеге аспайды...