Русский Сайттың толық нұсқасы

Алтын кеніші бар ауылдағы су басқан мектеп...

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2018
  • 2684

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы су басқан мектеп туралы. Қабырғалары қақырап, төбесінен су ағып, әбден тозған білім ошағы еркіңнен тыс "күйік" дегізеді... 

Бақыршық алтын кеніші орналасқан Әуезов кентіндегі мектеп, бұл. Екі ауысымда 450 бала білім алады. Қазір оқушылар мектептің тек бір жағында оқып жатыр. Информатика пәні тоқтатылған, ылғал сымдар қысқа тұйықталып, компьютер сыныбы жанып кетуі мүмкін. Жалпы, жарық қоспайды. Дене шынықтыру пәнін де өтіп жатқан жоқ, спортзалдың төбесінен су тамшылап тұр. Балаларының дымқыл жерде оқып жатқанына ата-аналар алаңдамай қайтсін?

Елеусіз Жангубекова, М.Әуезов кентінің тұрғыны:

21-ғасырда мынадай көрініс сұмдық ғой. Бізде ұрандар бар – балалар болашағымыз деген сияқты, мынадай мектепте балаларда қандай денсаулық болады? Қандай білім алады?  

Асхана мен күрес залында да клеенка мен легендер. Ата-аналар ағымдағы жөндеуден пайда жоқтығын айтады. Күрделі жөндеу керек. Соңғы рет мектептің төбесін жаңалуға тендерді ұтып алған құрылыс компаниясы шатырды қалай болса, солай жауап кеткен. Ал 6 млн теңгені алған. Кейін сот болған, бірақ компания төбені қайта жаппаған. Кері қайтарған ақша аудандық бюджетке кеткен. Дегенмен облыстық білім басқармасы жіберген комиссияның қорытындысы бойынша, мектеп апатты жағдайда емес көрінеді. Сондықтан оқу жылы аяқтала салысымен күрделі жөндеуден өткізеді. 314 млн теңгеге. Ал мектеп директоры Дәулет Шаяхметов мектептің қыстыгүні де суық екенін айтады. Көне ағаш терезелер. Жазда жөндегенде терезелер ауыстырылады деп үміттенеді. Алтын өндіретін кеніштің қасында тұрып, сол кеніштің атын иемдене отырып, балалардың мынадай мектепте оқып жатқаны...Өткенде Парламент Мәжілісінде 3 жылғы бюджет нақтыланған кезде Білім және ғылым министрлігінің «әлеуметтік зерттеулерге» деген бап бойынша 1,3 млрд теңге алатыны айтылған.Сол кезде депутат Н.Жұмаділдаева «ау, бұл қалай, бізде апатты жағдайдағы мектептер мен үш аусымда оқу проблемалары шешіліп қойып па еді?» деген-ді...