Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия мәселесі бойынша Астанадағы келіссөздерге АҚШ қатыспайды

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2018
  • 3210

Сирия мәселесі бойынша Астанадағы келіссөздерге АҚШ қатыспайды. Мұндай жағдай алғаш рет тіркелді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Елордада кепіл елдерден келген делегация өкілдерінің қатысуымен Сирия бойынша Астана процесінің аясында келіссөздер басталды.

Жиын жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Американдықтардан өзге қатысушылардың барлығы келді. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, АҚШ тарапы келіссөздерге қатысудан бас тарту себебін түсіндірмеген. БҰҰ Бас хатшысының Сириядағы арнайы өкілі Стаффан де Мистура да Астанаға келіп жетті. Ал сириялық қарулы оппозиция өкілдері бүгін түнде ұшып келмек. 9-шы кездесуде тараптар Сириядағы қазіргі жағдайды, деэскалация аймақтары мен гуманитарлық мәселелерді талқылайды. 

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Құрама Штаттар мен Иордания, сондай-ақ БҰҰ делегациясы осы процесске бақылаушы ретінде қатысып келген. Сондықтан американдық тарап келіссөздерден бас тартты. 

Ресей президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев бұған қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, АҚШ-тың келіссөзге қатысудан бас тартуы - Сириядағы дағдарысты шешу жолын іздеу мәселесінде халықаралық қауымдастыққа қолдау көрсетпейтінін білдіреді.