Русский Сайттың толық нұсқасы

Өрт қауіпсіздігін сақтамаған 14 сауда орталығының жұмысы 3 айға тоқтатылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2018
  • 2942

Өрт қауіпсіздігін сақтамаған 14 сауда орталығының жұмысы 3 айға тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды. Елімізде аумағы 1 500 шаршы метрден асатын 1260 сауда ойын-сауық орталықтары бар. Оның 94-і тексеруден өткен. Адам көп шоғырланатын нысандарды тексеру нәтижесінде 15 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Кінәрәт табылған мекеме басшыларына жалпы сомасы 18 миллион теңге айыппұл салынған.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер вице-министрі:

50 нысан қайта тексеруден өтті. 36-сы кемшіліктерді толық жойған. Ал 14 нысан ескертуді елемеген. Заңға сәйкес айыппұл салынып, іс экономикалық сотқа жолданды. Алдағы уақытта 3 ай мерзімге дейін жұмысын тоқтату туралы сот шешімі шығуы мүмкін.

Сонымен қатар, вице-министр күннің жылынуына орай өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырды. Себебі жыл сайын болатын орман, дала өрттерінің 80 пайызына адами фактор кінәлі болып жататын көрінеді. Мұнан өзге балаларды қараусыз қалдырмау керектігін тағы баса айтты.