Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқының 11 пайызы - зейнеткер

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2018
  • 5317

Алғашқы тоқсанда зейнеткерлер саны 4 пайызға артты. Осылайша Қазақстан халқының 11 пайызы зейнеткерлік жаста. Бұл туралы Ранкинг кз сарапшыларының есебі жарияланды. Елде жасы 63-тен асқан ер азаматтар мен 58-ден асқан әйел адамдар саны 2 миллион 100 мың. 14 жасқа дейін балалар мен жасөспірімдер санында да өсім бар. 5 миллион 300 адам. Олар Қазақстан халқының 29,4 пайызын құрайды. Демек, еңбекке жарамды азаматтар саны 59 пайыз шамасында. Алғашқы тоқсанда олардың орташа табысы 152 мың теңгені құрап отыр. Energyprom.kz зерттеуі мұның былтырғыдан 5 пайызға артқанын көрсетеді. Елде ең жоғары орташа жалақы алатындар Маңығстауда. Ай сайынғы табыс 282 мың теңге. Атырауда 280 мың теңге, Астанада 223 мың теңге. Ал Алматыда орташа табыс 188 мың теңге шамасында. Қаржы және сақтандыру саласында жұмыс істейтін қызметкерлер еңбекақысы жоғары. Ғылым мен техникалық қызметтегілер және тау-кен саласындағы қызметкерлер табысы жақсы.