Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы «Көктөбе» хайуанаттар бағында жаралы маралды баптамаған екі қызметкер жұмыстан қуылды

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2018
  • 5973

Алматыда хайуанаттар бағындағы жаралы маралды күтіп-баптамаған екі қызметкер жұмыстан қуылды. Мұны мекеме мамандары айтты. Әлеуметтік желіге жүктелген мына бейнекадрлар жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Онда жануардың ашық жарақат алып, шыбындап жатқаны көрсетілген. Маралға жаны ашығандар қала билігінің тексеру жүргізуін талап еткен болатын. Біздің тілшілерге «Көктөбе Парк» мекемесінің әкімшілігі жаралы аңның өздеріне тиеселі екенін растады. Қазір маралға тиісті ем жүргізіле бастаған.

Шүкіралла Шерімбетов, «Көктөбе» хайуанаттар бағының зоотехнигі:

Қазір жазылып келеді, қарақотырланып, ертең бетіндегі қабығы түскеннен соң, орнына жүн шығып жазылып кетеді. Енді бір он күнде шығарамыз. Мына клеткаға қамап қойған себебіміз, ол асау, дәрілеу үшін ұстау қиын. Сондықтан клеткаға қамап қойдық. Бірдемеге ұрынып қалмас үшін тағы да. 

Мал дәрігерлерінің анықтамасына сенсек, маралды өзге жануар сүзген немесе тұяғы тиіп жараланған. Бұл оқиғадан соң арнайы еріктілер тобы да хайуанаттар бағындағы барлығы 74 бас жануардың жағдайымен жеке-жеке таныстыруды талап етіп, хат жолдаған.

Мәдина Мырзахметова, «Ақпейіл жандар» клубының жетекшісі:

Біз қазір осы зоопарк жұмысшыларынан сұрап жатырмыз. Ол жердегі басқа да жануарлардың қандай жағдайда екенін білгіміз келеді. Сондықтан сұраныс жасап отармыз. Барлық жануарлар туралы ақпаратын берсін деп.