Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен БҚО-ға келді

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2018
  • 3221

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оралға келді. Президент алдымен жиһаз шығаратын «Квант» компаниясының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысына өндіріс ауқымын ұлғайту және дайын өнім тізбесін кеңейту жоспары баяндалды. Фабриканы аралаған Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, шағын және орта бизнестің қазіргі ахуалы таныстырылды.

Бұдан кейін мемлекет басшысы Орал құс фабрикасы мен сэндвич-панельдер өндіретін «Агран» компаниясында болды. Оралдағы жаңа алаңда Ассамблея мүшелерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кейін мемлекет басшысы «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясына» барды. Мұнда кәсіпорынның технологиялық қуаты, сондай-ақ зауытта жасалған қорғаныс өнімдері - атыс қаруы мен оқ-дәрі үлгілері көрсетілді.