Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2018
  • 3180

"Нұр Отан" партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Бұл шара «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында, жер-жерде жалғасын тауып жатыр. Аталған жоба аясында жыл бойы қарияларға қамқорлық көрсетіледі. Ал жасотандықтар үй шаруасына көмектесуді қолға алған. Ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіндей болған бұл игі іс үйде отырған қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

17 жасында қан майданға аттанған Қалам Сүйіншәлиев зенитті-артиллериялық полк сапында болып, Қара теңіз жағалауындағы қалаларды қорғады. Алдыңғы шепте ерлік көрсеткен май дангер соғыстан кейінгі жылдары ұзақ уақыт ұстаздық етті. Ғылыммен де айналысқан. Тоқсанның екеуіне келген қарияны нұротандықтар арнайы құттықтап келді.

Ал 98 жастағы Бөрібай ақсақал соғыс басталғанда Мәскеудегі әскери училищенің курсанты болатын. Кейін миномет ротасының командирі ретінде Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысты. Жеңісті Берлин төрінде тойлаған жауынгер соғыс біткесін, өз ротасымен бірге Қытайдағы Оспан батырға Шығыс Түркістан республикасын құруға көмектескенін айтады. 1946 жылы көктемде елге оралып, еңбекке араласады.

- Скоро у вас день рождения? -А вы откуда знаете?- Мы по каждому ветерану все знаем.

Ал өскемендік майдангер Георгий Гудков Жеңіс күнін туған күнімен бірге атап өтті. Осы күні әскери наградаларын тағып, мерекелік дастархан бысан жиналу қарияның отбасы үшін дәстүрге айналған.  93 жастағы ардагер әлі тың. Айтуынша, бау-бақшасын да өзі баптайды.

Георгий Гудков, Ұлы  Отан соғысының ардагері:

Артиллериялық полкте байланысшы болдым. Немістерді жеңгесін, Квантун армиясынан Манчжурия қалаларын азат еттік. 1945 жылдың 9 тамызында 24 зеңбірекпен оқ атып, Амур өзенінен өткен кеңес әскеріне жол аштық. Ол зұлмат енді қайталанбасын.

"Нұр Отан" партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарт майдангерлермен қатар, жалғызбасты тыл еңбеккерлеріне де көмек көрсетіп келеді.

Серік Сүлеймен, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Әр осындай атаулы күндері ардагерлерімізді құттықтап, қолымыздан келгенше көмек жасап, жағдайлары қиындарға жағдай жасап деген сияқты біздің партия мүшелері бар, біздің партияның жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты бар, ұдайы қамқорлыққа алып келе жатырмыз біздің ардагерлерімізді. Бұл қамқорлығымызды жасай береміз.

Мереке күндері нұротандықтар еліміздегі екі мыңнан астам ардагердің үйлеріне арнайы барып құттықтады. Бұдан бөлек көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырды. Мұның бәрі жеңісті жақындатқан жауынгерлерге көрсетілген құрмет, ерлікке тағзым, дейді партия белсенділері.

Еркін Карин