Бет-жүзін жауып жүретіндер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мәжілісте тұмшаланған киімдер киюге тиым салатын заң жобасы мақұлданды. Тиісті құжатты депутаттарға дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев таныстырды. Қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Бірінші рет ескерту беріледі, жағдай қайталанса, 30 және 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал ұйымдарға 100-ден 200 АЭК айыппұл салынуы мүмкін.
Дархан Кәлетаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
Киім-кешек
кезінде бет-әлпет жабылмау керек. Сол ең бірінші талаптың бірі. Заң
қабылдансын, заң қабылданғаннан кейін мұны да біз діни бірлестіктермен бірлесе
қосылып, саясаткерлермен, қоғамда жүрген азаматтармен, діни ұстанымда жүрген
адамдармен ақылдасып, келісетін боламыз. Бұл да ашық түрде.