Русский Сайттың толық нұсқасы

Тіркелмеген нөмірлерге қызмет көрсетілмейді

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2018
  • 1951

Келесі жылдан бастап тіркелмеген ұялы байланыс абоненттеріне қызмет көрсетілмейді. Есепті кездесу кезінде Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев осылай деп мәлімдеді. Ұялы байланыс қолданушылары жыл соңына дейін өз құрылғыларын тіркеп үлгеруі тиіс. Бұған дейін 2 жыл қолданылған IMEI-код арқылы телефон иесін анықтау айтарлықтай нәтиже бермеген. Сондықтан нөмірді ЖСН-мен байланыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл ретте Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан сияқты мемлекеттердің тәжірибесі ескерілген. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Әрине, ұялы телефондарды тіркеуге қатысты xалық арасында дүрлігу туындауы мүмкін. Оны да жақсы түсінеміз. Сол себепті телефон тіркеудің онлайн қызметін іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Министрдің айтуынша, биыл телеарналар кезең-кезеңімен цифрлы телерадио хабар таратуға көшеді. Бірінші кезекте Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары. Ал, 2020 жылға қарай барлық өңірлер толық цифрлы форматта жұмыс істейді. Бұл бейне, аудио сапасын арттырады және халықтың 15 телеарнаны тегін көруіне мүмкіндік береді.