Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде дәрі-дәрмек бағасына үстеме қосылады - ДСМ

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2018
  • 2679

Дәріханаларда препараттар құнына 300 пайызға дейін үстеме қосылады. Бұл туралы дәрілік заттар айналысы бойынша заң жобасын Мәжілісте таныстырған денсаулық сақтау министрі айтты. Медициналық препараттарды қол жетімді ету үшін көтерме және бөлшек саудадағы бағаларды реттеу механизмдері енгізіледі деді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Астана мен Алматы қалаларындағы бағаны анықтау барысында бөлшек сауда дәріханаларында бір дәрінің құнындағы айырмашылығы  100 пайызды көрсетті. Мысалы кеторолдың ең төменгі бағасы 230 теңге болса, ең жоғары юағасы 500 теңгені құрады.  бөлшек саудада 30 пайыздан бастап кейбір препараттарға 300 пайызға дейін артады. 

Қазақстанда тегін берілетін дәрілердің ғана бағасы реттеледі. Ал көтерме, бөлшек саудадағы өзге препараттардың құнына кәсіпкерлер өзі қожайын. Енді министрлік барлық бағаны бақылауды қолға алмақ.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Елімізге дәрі-дәрмек келгенде, немесе зауыттан шыққанда бағасы тіркелінеді мемлекеттік органда. Сонымен көтерме сауда деңгейдегі шекті үстеме мөлшері бекітіледі. Одан кейін бөлшек сауда дәріханалардағы бағасы реттеледі.

Айгүл ӘДЕПБАЙ