Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Мен АЭФ-2018-ге барамын» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2018
  • 2245

«Мен АЭФ-2018-ге барамын» байқауының жеңімпаздары анықталды. Астана экономикалық форумын ұйымдастырушылар ай басында арнайы конкурс жариялаған. Оның шарттары бойынша желі пайдаланушылар форумға не үшін қатысқысы келетіні туралы пост жариялауы тиіс болған. 5 автор ресми AEF белгісімен марапатталды. Форумға қатысудан бөлек, жеңімпаздарға Астанаға келіп кету жол ақысы төленеді. Қазылар алқасының айтуынша, шараның мақсаты - халықаралық деңгейдегі жиындарға жастарды тарту.

Ғалым Байтук, блогер:

Біздің жастар осы іс-шараларға тек ерікті ретінде ғана ат салыспауы керек. Олардың белсенділер қатарында, сондай-ақ спикер ретінде де қатысуына мүмкіндігі бар.