Русский Сайттың толық нұсқасы

ЖСДП Қарағанды халқын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2016
  • 1855

Саяси науқанның өтуіне санаулы күндер қалды. Осы уақытты ұтымды пайдаланып, жер-жердегі халықтың санасына сайлауалды бағдарламаларды жеткізуге Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да белсене кіріскен.

Қарағанды облыстық филиалында жұмыс қауырт. Партия атынан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлер Қарағанды халқын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өтініш-тілектерін тыңдап, олардың алдағы саяси науқанға бір кісідей қатысуын сұрады.

Жалпы бұл партиядан Мәжіліс депутаттығына 23 үміткер тіркелген. Олар келешекте еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын түзеуге, шағын-орта кәсіпкерлікті дамытуға күш салмақ. Партия мүшелері кенді шаһардағы кездесуден соң, облыстағы өзге елді мекендерге жол тартады. Шалғай жатқан ауылдарды да жаппай қамту жоспарда. Ал наурыз айының 18-не дейін еліміздің барлық облысын аралап өтпек. Онда халықпен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбекші. 

Мәкила Тоқсамбаева, ЖСДП Қарағанды облыстық филиалының төрайымы:

Қарағанды - еліміздегі ең ірі индустриалды өңір. Қаншама шахтер, металлург тұрады. Сайлауалды шаралар кезінде солардың барлығына бағдарламамызды жеткізуге тырысамыз. Шалғай ауылдарға шығамыз, кездесулер өткіземіз, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.

Аманхан Ахметов, ЖСДП белсендісі:

Сайлауға бір адамдай бәріміз қатыспақпыз. Сайлау жақсы өтсін. Халыққа жақсылық әкелетін сайлау болсын. Халық бір көтеріліп қалатындай сайлау болсын. Барлық мәселені осы халықтың тұғырында депутаттарымыз келешекте сайланатын соны ескерсе, деп ойлаймыз. 


Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА