Русский Сайттың толық нұсқасы

Диқандарға арналған бірыңғай салық жүйесін енгізу бастамасы қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2018
  • 2335

Қазақстанда диқандарға арналған бірыңғай салық жүйесін енгізу бастамасы қаралып жатыр. Бұл жайында солтүстікке жұмыс сапарымен барған ауыл шаруашылығы министрі хабарлады. Елде ауыл шаруашылығы тауарларының 30 түрі шығарылады. Басым бөлігі ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр. Алайда қант, сүт пен ет өнімдерін импорттау толастамай тұр. Жаңа агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасында ет пен жеміс-көкөніс өсіруге басымдық берілмек. Министрлік диқандарға тиесілі салық жүйесін реформалауды көздеп отыр.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі: 

Қазақстанда бүгінде 21 миллион гектар аумақ егістікке пайдаланылып отыр. Оның тек 7 пайызы - суармалы жерлер. Өсімдік шаруашылығынан келген жалпы табыстың 40 пайызы осы технологияға тиесілі. Сондықтан суару әдісіне бет бұрған жөн. Техниканы жаңартуға да көңіл бөлу керек. Жыл сайын көлік паркінің 2 пайызы ғана жаңартылады. Оны 6 пайызға жеткізу көзделіп отыр.