Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2018
  • 2361

Криптовалютаны әлемдік деңгейде қолданудың ортақ ережелері жасалуы мүмкін. Өз жұмысын 11-ші мәрте бастаған Астана экономикалық форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай бастама көтерді. Жаһандық экономика мен саясаттың қауіп-қатерлерін назарға алған халықаралық жиын биыл жаңа форматта және тұңғыш рет ЭКСПО көрмесінің алаңында өтіп жатыр. Белгілі сарапшылар мен Нобель сыйлығының иегерлері, ғалымдар мен саясаттанушылар урбанизация, қауіпсіздік, таза технологиялар, баламалы қуат көздерін дамыту және сауда-саттық мәселелерін талқыға алды.  Форумға қатысып қайтқан тілшіміз Айгүл Әдепбай тарқатады.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Аузын айға білеген саясаттанушылар, экономика саласының майталмандары мен әлемдік мінберлерден түспейтін дүниежүзінің интеллектуалды жұлдыздары тағы да арқаның төріне, Астана экономикалық форумына жиналды. Биыл Global challenges summit деген атаумен өтіп жатқан басқосуда 500-ге жуық спикер сөз сөйлейді деп күтіліп отыр. Қонақтардың ішінде Францияның экс-президенті Франсуа Олланд, әйгілі физик Митио Каку және БҰҰ-ның бұрыңғы Бас хатшысы Пан Ги Мун бар. Форумшылар қарыштап дамып жатқан жаһандық өзгерістерден қалмаудың амалын іздемек.  

Міне ол тарихи сәт. Дүниежүзінің өзекті сұрақтарына өткір жауап қата алатын алпауыттар. Астананың төріне келіп, кесек-кесек ойларын ортаға тастауға дайын тұр. Алдымен олар  Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алып, бірге суретке түсті. Форум Елбасының қатысуымен Жаһандық сын-тегеуіріндер әлемі атты пленарлық отырыстан басталды. Нұрсұлтан Назарбаев 5 мегатрендті тізіп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

5 главных мегатрендов развития планеты. Первый мегатренд - цифровизация всех аспектов деятельности человечества. К 2030 году искусственный интеллект  увеличит мировую экономику на 16 трлн долларов. Феномен криптовалют, технология блогчейн, по всей видимости, повлечет кардинальные изменения для финансового рынка, включая банки. Второй глобальный тренд - энергетическая революция движения мира в сторону чистой энергетики. Третий мегатренд - быстрый рост численности планеты.

Цифрландыру туралы айтқан Нұрсұлтан Назарбаев одан төнетін басты қауіпті де ұмытпады. Киберқылмыстың артып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Осы орайда Цифрлы Қазақстан бағдарламасының бар тәуекелдерге жауап беруге бағытталғанын айтты. Президент елдегі IТ экожүйе қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығын 85 пайызға арттырады деді. Жаңа технологиялар арқасында өндіруші сектордің еңбек өнімділігін 5 жылда 1,5 есеге арттыру жоспары барын хабарлады. Урбанизация да назардан тыс қалмады. Нұрсұлтан Назарбаев мегаполистердің заманы туып отыр деді. Бұрын Қазақстанда миллион тұрғыны бар бір ғана Алматы болса, қазір оған Астана мен Шымкенттің қосылғанын айтты. Осы орайда Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын қолға алған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Четвертый мегатренд. Изменения темпов и характера урбанизаций. По оценкам ООН, в середине века число людей, живущих в городах, составит 7 млрд человек. При этом продолжится гиперконцентрация населения в крупных агломерациях. Наступает эра мегаполисов. Пятый мегатренд - трансформация рынка турда. Предсказуемый физический труд уже в ближайшие годы на 80% заменят роботами. Для предприятий становится важным не дешевизна рабочей силы, а наличие квалифицированных сотрудников. Основным ответом является реформирование сферы образования.

Сонымен қатар байлар мен кедейлер арасындағы жер мен көктей алшақтықты қысқартуға шақырды. Оның айтуынша, әлемдегі шылқыған бай 62 адамның активтері адамзаттың кедей бөлігінің, яғни 3,5 миллиард адамның мүлкімен теңескен. Ал шетелдік меймандар бейбітшілік тақырыбына кеңірек тоқталды. Францияның экс-президенті Иран келісімшарты сақталуы керек деген ойын білдірді. БҰҰ бұрыңғы Бас хатшысы Пан Ги Мун жасыл экономиканы сақтау үшін мемлекет көшбасшыларын қоян-қолтық қимылдауға шақырып, Қазақстанның үлесін ерекше атады.

Пан Ги Мун, БҰҰ бұрынғы бас хатшысы:

Бұл бағытта Қазақстан көшбасшылардың қатарында. 2013 жылы жасалған жасыл экономика көшу концепциясы Еуропалық одақ өзіне алған бағыттарға сай келеді. Қазақстанның 2050 жылы энергияның 50 пайызын баламалық қуат көздерінен аламыз деген міндеттемесі бар. Және Президент Назарбаев 2017 жылы іске қосқан жасыл технологиялардың халықаралық орталығы бұл міндеттемелерді орындайды, Қазақстанның әлемдік көшбасшылар қатарында болуына жақсы құрал болады деп ойлаймын. 

Франсуа Олланд Францияның бұрынғы президенті:

Үкіметтер алдына қоюы керек міндеттің бірі - қауіпсіздік. Таяу Шығыстағы шиеленістер шешілуі тиіс. Еуропаның шығысы мен Африкадағы жағдай да реттеуді қажет етеді. Ол шиеленістер әлемді алаңдатып отыр. Сириядағы жағдайды көріп отырмыз. Иран бойынша жасалған келісімшарттар жүзеге асуы керек. 

Айгүл Әдепбай, тілші:

Астана экономикалық форумы  3 күнге жалғасады.  11 маңызды тақырыпты  қамтымақ. Олардың қатарында урбанизация, ұзақ жасау амалдары, болашақтың ақшасы, жаһандық қауіпсіздік, таза энергия сынды бағыттар бар. Ал Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі меймандарды 5-ші шілдеде өтетін Астана халықаралық қаржы орталығының ашылу салтанатына қатысуға шақырды. 

Айгүл Әдепбай