Астана
экономикалық форумы - Еуразияның жыл сайынғы орталық іскерлік оқиғасына
айналған ірі сұхбат алаңы. Ең алғашқы форум Елордада 2008 жылы өткен. Содан
бергі уақыт аралығында маңызды жиынға әлемнің 150 елінен 50 000 ға тарта
делегат қатысты. Олардың қатарында 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаттары,
30 жоғары деңгейлі саяси қайраткерлер
бар. Конгресс шеңберінде 20 млрд АҚШ долларынан асатын сомаға 300-ден аса
меморандум мен келісімдер жасалған. Биыл Global Challenges Summit 2018 форумына
500-ге жуық спикер қатысып, 11 маңызды тақырыпты қамтымақ.