Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы сайлауды бақылауға 260 шетелдік байқаушы тіркеуден өтті

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2016
  • 1364

Орталық сайлау комиссиясы екі халықаралық ұйым мен бір шет мемлекеттен 103 байқаушыны акредиттеді. Оның 97-сі ТМД, үшеуі Ислам ынтымақтастығы ұйымы атынан. Сондай-ақ АҚШ-тан үш байқаушы Қазақстанға келмек.

Осылайша, бүгінге дейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ТМД миссиялары мен бір халықаралық ұйым, шет мемлекеттен жалпы саны 155 байқаушы тіркелді. Сондай-ақ 25 мемлекеттен 105 БАҚ өкілі Қазақстандағы электоралды науқанды бақылауға ниетті. Яғни шетелдік байқаушылардың жалпы саны 260-қа жетті. Оларды акредиттеу 14 наурызға дейін жалғасады.

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы атынан келетін ұзақ мерзімді байқаушылар өңірлер бойынша бөлініп, тиісті облыстарға жетіп үлгерді. Ал ТМД ұйымы атынан келетін байқаушылар 26 ақпанда келеді деп күтіп отырмыз. Олар да еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларын теңдей қамтиды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ