Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы бүгін Шымкентте жұмыс сапарымен болды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2016
  • 1797

Мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Президент «Химфарм» АҚ-ның жаңа цехында болды. Аталған кәсіпорын елдің жалпы дәрі-дәрмек нарығының 5 пайыздан астамын қамтиды және дәрілік заттардың ішкі өндірісінің 50 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Президент импортты өнімдердің орнын отандық дәрілермен алмастыруға күш салу қажеттігін айтты. Тек сапа ұмыт қалмауы тиіс, деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының  Президенті:

Самое главное, чтобы качество было не хуже. Мы же людей лечим. Иногда говорят, что наши препараты не дают эффекта. После этого применяют препараты западные, и человеку становится лучше.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде дәрілік препараттар нарығы перспективалы бағыттардың бірі болып отырғанына тоқталды. Сондай-ақ, президент жергілікті дәрі-дәрмек шығарып, медициналық құрал-жабдық құрастырушылардың өнімімен танысты. Елбасы табиғи  өсімдіктерді емдік мақсатта қолдануға басымдық беру керектігіне тоқталды.

Сондай-ақ, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Азала текстиль» серіктестігінде болып, фабрикада шығарылатын негізгі өнім түрлерімен танысты. Президент импорттық тауарлар орнын алмастыру - Қазақстанның экономикалық саясатының маңызды міндетінің бірі екенін айтты.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ