Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-да 1358 адам мәслихат депутаттығына үміткер

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2016
  • 2426

Оңтүстік Қазақстанда мәслихат депутаттығынан үміткер азаматтың кандидатурасын алып тастауға тура келген. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуынша, ол әуелі Түркістан қаласында тіркелген. Артынша, құжаттарын қайтып алып, Отырар ауданындағы сайлау округіне тапсырған.

Әлібек Өмірәлиев, Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сыздықов Қанжігіт 19 ақпан күні  «Ауыл» партиясының саяси шешімінсіз, өзінің арызы бойынша Түркістаннан өзінің құжаттарын қайтарып алады. Содан барады дағы Отырар ауданына 19 ақпан күні тіркеледі. Бұл жерде Сыздықов Қанжігіт сайлау туралы заңның екі бабы бойынша заңды бұзады.

Сайлау туралы заңның бұзылуы аймақта алғаш тіркелген жағдай емес. Тағы екі үміткердің кандидаттығын қалдыру-қалдырмау мәселесі қаралып жатқан көрінеді. Оның біреуінің үстінен "мерзімінен бұрын үгіт-насихат жұмыстарын бастады" деген арыз түскен. Айта кетейік, облыста барлық деңгейдегі мәслихатқа 1532 үміткер ұсынылса, оның 1358-і тіркелді. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ