Биыл
Қарағанды облысында саяси белсенділік жоғары. Жергілікті мәслихаттар
депутаттығына 927 адам үміткер. Олардың арасында әйелдердің де үлесі басым. Бұл
туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов мәлімдеді.
Жалпы облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттарға 298 депутаттық орын бар.
Үміткерлердің 67 пайызы өзін өзі ұсынғандар.
Ерқара
Аймағамбетов, Қарағанды
облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Биылғы жылы күллі
мәслихаттарға, қалалық, облыстық, аудандық 281 адам артық ұсыныс жасап, тіркеуден
өтті. Бұл үлкен белсенділік. Өзін өзі ұсынғандар 672 адам, бұл 67 пайыз.
Айжан ҚУАШ