Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдің шалғай өңірлерінде 1000 тегін IT-сыныптар ашу ісі басталып кетті

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2018
  • 2387

Елдің шалғай өңірлерінде 1000 тегін IT-сыныптар ашу ісі басталып кетті. Оған 8 бен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Жыл сайын 150 мың бала бағдарламалау мен робототехниканың қыр-сырын тегін үйренуге мүмкіндік алады. Игі істің  бастамашысы - "Нұр Отан" партиясы. Үш жылдық жоба "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жүргізілмек.

Азиза Шужеева, "Лига юных программистов YBYRAI" ҚҚ жетекшісі:

"Нұр Отан" партиясының қолдауымен бұл бағдарлама барлық өнірлерге кеңінен таралды. Қазір әрбір аймақта 20-30-дан сынаптар ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл әсересе шалғай елмімекендердегі балаларға өте тиімді

IT сыныпты бітіргендер білімін одан әрі ұштай алады. Ол үшін облыс орталықтары мен ірі қалаларда 20 IT орталық ашылмақ. Жыл сайын 35 мыңдай адам білім алады. Партия "Атамекен" палатасы мен Үкіметпен бірлесе отырып тағы бірнеше жобаны қолға алған. Бұдан былай сатуға және жалға берілетін жерлер туралы, олардың құны мен аумағы жөнінде онлайн-қызмет көрсетілмек. Ол саладағы жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жасалып отыр. Ауыл жастары бәсекеге қабілетті болуы үшін ағылшын тілі оқытылады. Ол үшін тіпті шетелден еріктілер тартылуы мүмкін. 

Дагар Давлетов, IT маманы: 

Қазір біз IT мамандарын жаппай оқыту жұмысымен айналысып жатырмыз. Өнірлерде 20 IT орталықтары ашылмақ. Оқытудан өткен жастар кейін жұмыспен қамтылатын болады.