Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО да тағы да терроризмді насихаттағандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2018
  • 2125

Оңтүстік Қазақстан облысында «терроризмді насихаттады» деген күдіктен тағы екі адам ұсталды. Аймақта облыстық ішкі істер департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі  бірлесе жедел-іздестіру шарасын өткізген. Түркістан қаласы мен Сайрам ауданының 1990 жылғы және 1995 жылы туылған тұрғындары діни радикалдық аудио және бейнежазбаларды таратқан деген күдікке ілігіп отыр.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Осы жәйтке байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-де «терроризимді насихаттау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Тергеушілермен болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдікті азаматтар қамауға алынды.