Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда менингококкті инфекцияның таралуы жоғарылап келеді - ҚДСД

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2018
  • 3621

Алматыда менингит дертін қоздырушы инфекцияның таралуы жоғарылап келеді. Соңғы бірнеше күнде осы ауру салдарынан 3 адам көз жұмған. Оның біреуі бала. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау департаментінің басшысы мәлімдеді. Тұрғындар арасында аталған аурудан адамдардың жаппай ауруханаға жатқызылғаны жайлы хабар тараған. Олжас Нұржақып тақырыпты тарқатады. 

Мессенджер арқылы тараған ақпараттан алматылықтар бірнеше күн қатарынан үрейленумен болды. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің дерегінше қала бойынша 47 адам осы инфекциядан тексеруден өткен. Оның 15 жағдайында ауру белгілері табылған. Өткен 5 айда 3 адам минингококктан көз жұмды. 

Айзат Молдағасимова, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

Бала мен бір ересек адам бірнеше сағат ішінде менингококты инфекцияның жедел түрде таралуы болған. Екінші ересек адамның өліміне органдық жетіспеушілік және иммунитеттің төмен болуы себеп болған. Барлық өлім-жітім жағдайлары әртүрлі уақытта тіркелген. Және бір-бірімен байланысты емес.

Ал жұқпалы аурулар бойынша қызмет көрсететін дәрігер менингококкті инфекция маусымдық ауру  дейді. Оның үстіне қоздырғыш бактериялар бүгін пайда болмаған. Медицинаға бұрыннан белгілі инфекцияның түрі болғандықтан екпе дәрілері де қажетті деңгейде әзірленіпті. Бірақ күнделікті күнтізбеге енгізілмегендіктен әр адам тексерілуге өзі міндетті.

Әділ Қатарбаев, Алматы қаласының жұқпалы аурулар бойынша штаттан тыс балалар дәрігері:

Әр адам жеке өзінің міндеті, өзінің денсаулығына деген жауапкершілігіне байланысты ақылы түрде жасауына болады. Россияның вакциянасы бар. Германияның вакцинасы бар. Яғни дүниежүзінде менингококка байланысты вакцияна жасалынған.

Бүгінде аталмыш инфекцияның үш түрі танымал. Яғни, аурудың деңгейін түріне қарай анықтауға болады дейді инфекционист дәрігерлер. Алғашқысы тасымалдаушы. Ондай адамдарда ауру белгісі анықталмайды, тек зертханада білуге болады.

Әділ Қатарбаев, Алматы қаласының жұқпалы аурулар бойынша штаттан тыс балалар дәрігері:

Ауру өте жылдам басталады. Баланың немесе ересек адамның 39-40-қа дейін көтеріледі. Бұл фунменанттық немесе өте ауыр түрде өткендіктен 6-7-12 сағаттың ішінде науқасты біз жоғалтып алуымыз мүмкін.

Олжас Нұржақып, тілші:

Дәрігерлер бірден даурықпай аурудың себептерін алдын-ала білген жөн деп кеңес беруде. Яғни, ақылы ауруханаларда тексеру жұмыстарынан өткіңіз келсе 22 мың теңгеңізді қалтаңызға сала барған, абзал. Сол арқылы бойыңыздағы қоздырғыш бактериялардың бар-жоғын анықтай аласыз.

Олжас НҰРЖАҚЫП