Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейдегі орманның өртенуі адам қолымен жасалуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2018
  • 6331

Ал шығыстағы алапат орман өрті адам қолымен жасалған болуы әбден мүмкін. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының өкілдері осындай болжам жасап отыр. Яғни сөндірілмеген темекі тұқылы тілсіз жауға себеп болған. Немесе от қаскөйлікпен әдейі қойылған деген болжамдар қарастырылып жатыр. Қазір арнайы комиссия құрылған.

Семей іргесіндегі қарағайлы орманда өртенген аумақ 300 гектарды құрады. Қызыл жалын ауыздықталғанымен, толық өшірілген жоқ. Өрт сөндіру жұмыстарына ауа райы да кесірін тигізді. Күні кеше Семейде дауыл тұрған. Жер бедерінің қолайсыздығынан арнайы техника өте алмады. Тілсіз жаумен күреске барлығы 350 адам жұмылдырылған. 2 тікұшақ пен 50 арнайы техника жеткізілді. Өрт бір мезетте үш жерден шыққан деген ақпар тарады. Шығын көлемі есептеліп жатыр.

Мұрат Дәулетов, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының директоры:

Өртті қалаға жеткізбеуге тырыстық. Негізгі күшті үйлер тұрған жаққа жұмылдырдық. Әлде біреулер қасақана өрт қоюы ықтимал. Тіпті балалар болса да таңғалмаймыз. Өйткені жеткіншектердің ойнап, от тұтату дерегі тіркелді, өзім арнайы барып, дереу өшірттім. Не болса да бұл  адам қолымен жасалған іс.