Малайзияның өткенде ғана қызметінен кеткен премьер-министрі Наджиб Разактің 4 резиденциясын полиция 2 күн тінтіп, жалпы көлемі 30 млн доллар болатын түрлі валютаны тәркілеген. Ақшаны 3 күндей санаған. Тінту мемлекеттік инвестициялық даму қорына байланысты коррупциялық іске орай жүргізілген. Бұл қорды Разактың өзі құрған. Тергеушілердің пайымынша, қордан 9 жылда 3,7 млрд доллар жоғалған. Бұрынғы премьерге әзірге айып тағылмаған, алайда ұлттық антикоррупциялық комиссия қор қызметін тексеріп жатыр, айып тағылады-ау... Негізі бұл жемқорлық фактісі бойынша бұрын да іс қозғалған, дегенмен жабылып қалған. Махатхир Мохамад қайта премьер-министр болатын соңғы сайлаудан кейін қайта ашылды. Мохамад бастаған оппозициялық альянстың жеңіске жетуінің бір себебі - «Наджиб Разак коррупциялық әрекеттер жасады» деп айыптап, «біз билік басына келсек, жазаланады» деп берген уәдесінің арқасында.