Шымкентте алғаш рет ІТ-орталық ашылды. Бұл жерде цифрлық сауаттылығын аттыруға ниетті кез келген азамат оқи алады. Ол үшін арнайы курстар ұйымдастырылады. Орталық заманауи 16 компьютермен, жоғары жылдамдықты интернет пен қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Мамандар келушілерге ІТ саласының қыр-сырын үйретеді. Мәселен, үйден шықпай-ақ электронды қызметті қолдану, құжат рәсімдеу, электронды төлем жасау сынды көптеген мүмкіндіктерді меңгереді.
Төлеген Сәрсембаев, ОҚО әкімінің орынбасары:
«Нұр Отан»бастамасымен басталып жатқан жағдай. Статистикаға келген кезде бүгінге 458 мыңнан аса бізде цифрлы оқыту өткен біздің облыстың тұрғындары. Оның ішінде биылғы жоспарымыз 16 мың адам үйретіп, оның алдында да біз өзіміз 250 шақты мамандарды оқыттық. Ол мамандар осы жаз бойы балалар болсын, колледжже болсын үйретеді.
Ал Шығыс Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған тегін ІТ сыныптар ашылды. Бұдан бөлек жазда балаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне оқытатын лагерь жұмысын бастамақ. Өңірдегі кітапханаларды жаңғырту жұмысы қолға алынады. Онда интернет желісіне қосылған ашық алаңдар ашылмақ. Осылайша, бұл мекеме білім орталығына айналады деген жоспар бар. Университеттер мен колледждерде цифрлық сауатын ашамын деушілерге арнайы пәндер енгізіледі. Тың жобаларды жүзеге асыру үшін «Нұр Отан» партиясы, аймақтағы мемлекеттік мекемелер, ЖОО және жеке ұйымдар өзара меморандумға қол қойды.