Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерімен жанжал шығарған жүргізуші ұсталды

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2018
  • 2278

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлерімен жанжалдасқан жүргізуші ұсталды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі айтты. Әлеуметтік желілерде шетелдік көлікті тізгіндеген жүргізушінің оқыс әрекеті тарап кеткен еді.

Елдің қызу талқысына түскен бұл жәйт тәртіп сақшыларының да назарына ілікті. Артынша 1993-ші жылы туылған азаматтың ұсталғаны белгілі болды. Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің дерегінше, ол әкімшілік кодекстің үш бірдей бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Іс материалдары сотқа жөнелтілген.