Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Жомарт Ертаев пен «Qazaq Bank» акционері Бақыт Ибрагимді экстрадициялау туралы өтініш жіберді

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2018
  • 3008

Қазақстан тарапы экс-банкир Жомарт Ертаев пен «Qazaq Bank-тің» акционері Бақыт Ибрагимді экстрадициялау туралы өтініш жолдады. Соңғысы интерполдың көмегімен Германияда ұсталған еді. Бұл туралы біздің арнаға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады.

Барлау агенттіктерінің мәліметіне сай, Ибрагимнің RBK банкіндегі қаражат жымқыру ісіне де қатысы бар. Жалпы екеуі де аса ірі көлемдегі қылмыс жасау дерегі бойынша күдікке ілінген. Алдын ала тергеу барысында олардың қылмысқа қатыстылығы жөніндегі дәлелдер жеткілікті болған. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты.

Нұрлан Жахин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігінің ресми өкілі:

Ертаев пен Ибрагим шет елде тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, оларға «қамау» түріндегі алдын-алу шарасы тағайындалды. Халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратура оларды Қазақстанға экстрадициялау туралы Ресей мен Германияның құзырлы органдарына өтініш жолдады.

Еске салайық, «RBK» банкі басқарма төрағасының экс-кеңесшісі Жомарт Ертаев 8 мамырда Мәскеуде ұсталды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша,ол түрлі компанияларға  80 миллион доллар көлемінде қарыз берген. Мәскеу сотының шешімімен Жомарт Ертаев 16 маусымға дейін үй қамақта болады.