Қытай АҚШ-ты өз аумағына басып кірді деп айыптады. Яғни Аспан асты елінің сыртқы істер министрі АҚШ-тың әскери теңіз қызметі Оңтүстік Қытай теңізіне рұқсатсыз өтті деп мәлімдеді. Рейтерстің хабарлауынша, Құрама Штаттардың әскери кемелері даулы Парасель аралдарынан 12 мильге дейнгі аумақта жүзіп өткен. Қытай қорғаныс министрлігі АҚШ-тың әрекетін елдің егемендігін бұзу және халықаралық құқық талаптарын елемеу деп санайды. Әзірге АҚШ тарапы үнсіз.
Еске салайық, Оңтүстік Қытай теңізінде басы дауға қалған аралдар шоғыры бар. Оған, Қытай, Вьетнам, Тайвань, Малайзия, мен Филиппин өзара таласуда. Вашингтон ҚХР жасанды аралдар түзіп, сол арқылы иелік ететін су аумағын кеңейтуды көздейді дейді. Қытай болса мұны жоққа шығарады.