Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда су полициясы жасағы құрылды

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2018
  • 3348

Ал Павлодарда Ертіс өзені мен іргелес тоғандарды су полициясы бақыламақ. Арнайы құрылған жасақ броконьерлермен күресіп, демалушылардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қадағалайды. Сақшылармен қоса, табиғат қорғау прокурорлары, жол полициясы мен төтенше қызмет өкілдері тартылған.Өзен жағалауы моторлы қайықпен барланады. Катер тиісті құрал-жабдықтармен жарақталған. Дауыс зорайтқыш, GPS-навигатор және белгі беретін шамшырақ бар. Кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылады. Жергілікті полиция қызметінің дерегінше, жазда өзен-көлдер маңындағы жағдай күрделене түседі. Жыл басынан бері ғана 20 заңбұзушылық тіркелген.

Арман Қаптаев, Павлодар қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшысы:

Қазіргі кезде біздің үш қызметкер арнайы сабақтан өтіп, сертификат алды, қайық жүргізу бойынша. Қазір бізде 1-ақ қайық. Жуырда тоғандарда және оған іргелес аумақтарда қоғамдық тәртіпті сол қайықпен қамтамасыз етеміз.