«Нұр Отан» партиясы тұрғындарды жаңа технологияларға үйрететін бірқатар жобаларды іске асыруда. Олардың бірі - кітапханалардағы білім орталықтары. Азаматтар түрлі тренингтерге қатысып, ғаламтор мен кеңселік бағдарламалар арқылы өз идеяларын шыңдайды. Ал мектептерде ашылған ІТ сыныптарда оқушылар бағдарламалау негіздері мен робототехниканы меңгермек.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының орталық кітапханасында коворкинг орталық ашылды. Оқырмандар мұнда кітап оқып қана қоймай, ғаламтор арқылы жаңа технологияларды меңгереді. Кеңселік бағдарламалармен жабдықталған компьютерлерде жобаларын жасап, скайп арқылы өзгелермен сұқбаттаса алады. Мұнда келген жастар мен ересектерге ІТ және маркетинг, өзін-өзі дамыту жайында арнайы кеңестер беріледі.
Нұржан Жетпісбаев, «Жас Отан» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:
«Осындай білім орталықтары - интернетпен жабдықталған, заманауи кітаптармен жабдықталған - жұмыс жасауға ыңғайлы жерлер. Біздің облысымыздың барлық аудан, қалаларында ашылатын болады. Бұған қоса заманға сай жаңағыдай техникамен қамтылған арнайы жастарға жеке коворкинг орталығы ашылады».
Ал Қызылжарда IT-мамандар даярлайтын арнайы орталықтар ашу жөнінде үшжақты меморандумға қол қойылды. Жобаны "Есіл" аймақты дамыту орталығы, облыстық жұмыспен қамту басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы бірлесе жүзеге асырады. IT-орталықтар екі буын өкілдерін оқытпақ. 8-16 жас аралығындағы балаларға тегін білім беріледі. Үш жылды қамтитын жобаның аясында барлығы 3,5 мыңнан астам оқушы қосымша сабаққа қатысады. Ал ересектерге жас бойынша шектеу жоқ. Жыл аяғына дейін 100 адамды оқытып, жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Артур Молдағұлов, «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы «Нұр Отан» партиясын жаңғырту бойынша тапсырма берген. Осыған байланысты үш әлеуметтік жобаны қолға алып отырмыз. Цифрлық партия, IT-сыныптар мен IT-орталықтарды ашу. Орталықтар Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оқушылар сарайында ашылмақ. IT-сабақтар 20 мекемеде оқытылады.
Сондай-ақ, Ақтөбедегі бір мектепте ІТ сыныбы ашылды. 15 компьютер және 3D принтермен жабдықталған кабинетте жоғары сынып оқушылары жаңа технологияларды үйренеді. Web-сайттар ашып, бағдарламалау негіздері мен робототехниканы меңгереді. Аймақта осындай 20 сынып ашу жоспарланған. Олар демеушілер қаржысына жабдықталады, - деді шараның басы-қасында жүргендер.
Мұратбай Әжібаев, "Нұр Отан" партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Қазіргі таңда ІТ кластардың ашылуына мемлекеттік дәрежеде біздерге беріліп отырған қаражат 4 млн-дай. Сол 4 млн-дай қаражатты бизнесмендер, және НПО мүшелерінің көмегімен осы класстар ашылуда.
Бүгінде ел аумағында
заманауи мамандық иелеріне сұраныс артқан дейді билік партиясы өкілдері. Сол
олқылықты толтыру үшін ІТ саласын
дамытуға бет бұруы жасалып жатқанын айтты.