Астанада ерекше атриум ашылды. Мұнда көне жәдігерлердің бірнеше түрі бар. Еуразия ұлттық университетіндегі көне артефактілер көрмесінде 4 дәуірге саяхат жасауға болады. Мұнда сақтар, ғұндар, түркілер және қазақ хандығы тұсында қолданылған 60-қа жуық жәдігер қойылған. Олардың арасында киімдер, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, әскери қару-жарақтар мен петроглифтер бар. Музыкалық аспаптардың түр-түрін кездестіресіз. Келушілер аса құнды олжаларды көзімен көре алады. Мәселен, бірнеше ғасыр бұрын ата-бабаларымыз тұтынған алтын кесе, құлып, ер-тұрман және тағы басқа жәдігерлерді тамашалуға мүмкіндік бар.
Қаржаубай Сартқожа, Түркітану ғылымдары институтының директоры:
Ғұндардың ерекшелігі неде? Ғұндардың мемлекеттілігі қандай болды? Соны көрсетуді ойладық. Ғүндардың әскерилері қандай болды? Ғұндардың ханы, оның хроносы дейміз ғой, тәжісі қандай болды - осыдан бастап көрсетуді ойладық.