Қостанайлық
дихандар «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайды. Шаруалар
жетекші саяси ұйымның өкілдерімен жүздесті. Бірлік,
тұрақтылық пен жасампаздық идеясын өңірдің кəсіпкерлері мен өндірушілері де
қолдап отыр.
Бұл аймақта жылына миллиондаған пұт астық жиналады. Жүздеген көлік
құрастырылып, тонналап алтын құймасы балқытылады. Шикізат нарығындағы
тұрақсыздық кейбір мұнай өндіруші елдерді өзге салаларға ден қоюға мəжбүрледі.
Ал Қазақстан ауыл шаруашылығына үміт артады. Нұротандықтар «Соколов-Сарыбай» кен байыту бірлестігі мен «Алтынсарин»
шаруашылығына бас сұқты.
Асқар
Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы республикалық сайлауалды штабының жетекшісі:
Көріп
тұрғанымыздай, 16 мыңнан астам адам жұмыс істейтін зауытта жағдай тұрақты.
Әлемдегі нарықтағы бағаға қарамастан, президенттің қолдауының нәтижесінде жалпы
еліміз бойынша өткен жылдың қорытындысы бойынша металлургия саласы 14 пайыз
өсімді көрсетіп отыр.
Қайсар
Ақпанов, «Соколов-Сарыбай кен байыту» АҚ бас маманы:
Металдың
бағасы арзандап, оған сұраныстың азайып кеткенін бәріміз білеміз. Осындай
қиын-қыстау кезеңде бізді қолдаған президентімізге алғысымыз шексіз.
Мөлдір
БАҚЫТҚЫЗЫ