Астанада жыл басынан бері 30 мың шаршы метрге жуық аумақта құрғақ шөп өртенген. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, биыл өрт сөндіру қызметі дала өрттерін сөндіруге 70 рет шыққан. Бүгін Елорданың өрт сөндіру қызметі арнайы оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Жаттығу шараларына 24 бірлік техника мен 60 адам жұмылдырылды. Алдын ала әзірленген сценарий бойынша, Астана маңындағы жасыл белдеудің 5 мың гектардай аумағы өртке оранды. Мамандардың сөзінше, аталған орман алқабында от тұтанған жағдайда өрт сөндірушілер Астанадан 10 минутта жетеді екен.
Азамат Жұмекешов, Астана қаласы ТЖД бөлім басшысы:
Бүгінгі біздің өткізіп отырған шарамыз Астана қаласының айналасында орналасқан жасыл белдеуді қорғау. Ең басты міндетіміз - жасыл белдеуді өрттен, адамдардың абайсыздығынан сақтап қалу.
Өрт
сөндіру қызметі өкілдерінің хабарлауынша, табиғи аумақтарда тұтанған тілсіз
жаудың 99 пайызы адамдардың кінәсінен болатын көрінеді. Орманда немесе көл
жағасында демалушылар, балықшылар мен
өзге де азаматтар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Заңсыз ағаш кесіп, сатумен
айналысатындар да табиғат аясындағы өрттің өршуіне үлес қосып жатады, дейді
мамандар.