Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақ жол» партиясы өкілдері сайлауалды үгіт жұмыстарымен Ақтөбеге келді

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2016
  • 1850

«Ақ жол» партиясының мүшелері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен Ақтөбе облысында болып, «Қазавтожол» компаниясының қызметкерлерімен кездесті.

Айта өтейік, «Қазавтожол» - көлік инфрақұрылымының дамуына елеулі үлес қосып отырған ірі кәсіпорын. Кездесуде кәсіпорын басшылары партия мүшелерін мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жетістіктерімен бөлісті. Партия белсенділері жұмыс қарқыны жоғары кәсіпорынның алдағы сындарлы кезеңнен сүрінбей өтуіне тілектес екенін жеткізді. Саяси додада өздерін қолдауды сұрады.

Жандос Жаңабай, «Ақ жол» демократиялық партиясы мүшесі:

Біздің партияның басты мақсаты - заңсыздықпен күресу, келеңсіздікпен, Үкіметтік органдардың алдына келген біздің Қазақстан азаматтарының құқығын қорғап, оның ішінде кәсіпкерлердің құқығын қорғап, көмектесіп, заң жағынан көмектесу, қай жерде болса да. 

Асқар Садықов, «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе филиалының төрағасы:

Кішкене, шағын бизнестер - біздің халқымыздың жұмыс істеуіне, оның өсіп-өніп кетуіне ықпал беретін жақсы көрсеткіш. Ел тарапынан да, салық төлеу тарапынан да және адамдардың құқығын қорғау тарапынан да. Сондықтан басты мақсатымыз - шағын және орта бизнесті көтеру.