Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды. Бүгін Парламент Сенатында тиісті заң қабылданды. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңда аталған органның ресми мәртебесі анықталды. Сонымен, Қауіпсіздік кеңесі конституциялық орган болып бекіді. Ол мемлекеттік саясат, ұлттық қаупісіздік, ішкі тұрақтылық, ата заң мен территориялық тұтастықты қамтамасыз етеді. Халықаралық аренада Қазақстанның мүддесін қорғайтын ұйымға айналды.
Қазір аймақта жалпы әлемде жағдай қалай өрбір жатқанын білесіздер. Осы орайда қоғамға, барлық көршілерге белгі беру үшін тиісті заң қабылданды. Біздің елде бәрі тұрақты аса маңызды мәселелер Қауіпсіздік кеңесінде қаралады. Оны Мемлекет басшысы елде және әлемде беделі жоғары адам басқарады.
Кеңес қауіпсіздік мәселелерімен ғана шектеліп қалмайды. Қазына қаражатының тиімді жұмсалуы, Президент тікелей тағайындайтын орталық және жергілікті органдарға басшы бекіту сияқты шешімдерге де араласады.
Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:
Елбасының ел өміріндегі тарихи миссиясына байланысты ол Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болып отыр. Кеше ғана қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Ол жерде мемлекеттің өміріне, әлеуметтік, халықтың жағдайына байланысты өте маңызды нәрселер қаралғанын білесіздер.