Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте алты бірдей ІТ сынып ашылды

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2018
  • 5692

Бүгін Шымкентте алты бірдей ІТ сынып ашылды. Енді 8 бен 16 жас аралығындағы кез келген оқушы ІТ технологияны жетік меңгере алады. Мұндай мүмкіндік Ақтөбе қаласының балаларында да артып отыр.  Ал Атырауда коворкинг орталық ашылса, Оралда «Нұр Отан» партиясының өкілдері балаларды қорғау күніне орай балдырғанға ерекше тарту жасады. Партия бас болған оңды істердің барысы келесі бейнематериалды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіннде алты бірдей ІТ сынып ашылды. Мұнда келушілер үшін сабақ тегін өтеді.

Рауан Бегалиева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры:

ІТ сыныптардың негізгі мақсаты - оқушыларды бағдарламалауға және ІТ дағдыларын қалыптастыруға үйретеді. Мультимедиялық бағдарламалар, scratch деген сияқты. Ол өзінің арнайы жасалынған жоспарға сай жүргізілетін болады.

Мұндай сынып Ақтөбедегі № 61 мектепте де ашылды. Жаңа технология әдістерін меңгеруге оқушылардың қызығушылығы жоғары. Қазірдің өзінде елу бала жазылған. 7- сыныпта оқитын Аян Жоламан робототехникаға қызығушылық танытқан, ол бесінші роботын құрастыру үстінде.

Аян Жоламан, оқушы:

Бұл робот негізінен Қазақстанда пайдалы қазбалар көп кездесетіндіктен, пайдалы қазбаларды, адамға бағынып, қазбаларды әкелуге көмектеседі. Келесі көлік - джипке келетін болсақ, бұл көлік өзім өскен кезде инженер болып, жаңадан түрін жасаймын.

«Нұр Отан» партиясының өкілдері бастамашы болған тағы бір нысан Атырауда ашылған коворкинг орталығы. Ғабдол Сланов атындағы кітапханада жұмысын бастаған орталық оқырмандармен бірге келген кішкентайлардың уақытты тиімді өткізуін қамтамасыз етеді. Тоғызқұмалақ, шахмат, қызықты логикалық ойындар ұйымдастырылады. Аптасына бір рет қолөнер шеберлері де арнайы дәріс өткізбекші.

Салтанат Рахымова, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы СЖҚІҚ жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы:

Бұл әрі ата-аналар үшін қуаныш, сонымен қатар кітапханаға келушілердің санын көбейтеді деген үмітпен кітапхана қызметкерлері үшін үлкен қуаныш болып отыр. Осы коворкинг орталық біздің бүлдіршіндеріміздің кітапсүйер болып өсуіне үлес қосады деген үміттеміз.

Оралда партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бүлдіршіндерге ерекше тарту жасалды. Шараға мүмкіндігі шектеулі балғындар мен тұрмысы төмен отбасының балалары, сондай-ақ озат оқушылар шақырылған.

Архат Исламғали «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты:

Мереке аясында ғана емес, жас ұрпақтар әрдайым қолдау көрсетіледі. Мерекелік бағдарламалар жасалып жатыр. Мысалға алсақ, қазақ ертегілерін көрсету, одан басқа мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түрлі көмектер жасалып жатыр.

Бұл күні жеткіншектер үлкен экраннан әйгілі мультфильмдерді қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік алды. Көңілді аниматорлар балалар үшін танымдық ойындар мен қызықты байқаулар ұйымдастырды

Айзада Төребекқызы, Жақсыбек Кемал, Еркін Карин, Базаргүл Нәдірқызы